Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң саласына қызығушылығын ояту және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысында қатысушылар құқық, заңнама және қоғамдық тәртіпке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Белсенділік пен тапқырлық танытқан студенттер қызықты әрі тартысты сайыста бақ сынасты. Мұндай зияткерлік ойындар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және саналы азамат тәрбиелеуге өз үлесін қосады.





