Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа пилоттық жоба аясында, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарланған. Аталған өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді. Бұл қызметке 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізіледі.

«Сондай-ақ заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, ол «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екендігі және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, сондай-ақ нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді», делінген хабарламада.

Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT