Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Биылғы жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы орайда ауданымызда еңбек адамдарының елеулі еңбегін дәріптеу, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатында «Еңбек адамдары» айдарын жалғастырып келеміз.

Бүгінгі айдар кейіпкері – Нұрсұлтан Қайырғалиұлы, Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері. Ол жас мамандарды кәсіби шеберлікке баулып, ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті кадрлар даярлау ісіне зор үлес қосып келеді.

Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі 1980 жылдан бері аймақ жастарына сапалы білім мен кәсіби дағдылар беріп келе жатқан білім ошағы. Қазіргі таңда оқу орнында 6 мамандық бойынша 247 студент білім алуда. Колледждің басты мақсаты – өңірдің еңбек нарығын білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету және жастарды еңбекқорлық пен жауапкершілікке баулу.

Осындай еңбекқор ұстаздардың қажырлы еңбегі мен білім ордаларының бірлескен жұмысы – Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының берік негізі.

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT