Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бюджеттік сыныптаманың жаңа коды бекітілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өткен жылғы желтоқсандағы №1370 бұйрығына сәйкес «Кейбiр бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен жаңа бюджеттік сыныптама коды 101111 «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» бекітілді.

Сонымен қатар, 101110 бюджеттік сыныптама коды атауы «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылған: 101110 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы». Осыған байланысты, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 101110 бюджеттік сыныптама кодына, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 101111 бюджеттік сыныптама кодына төленеді.

Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өткен жылғы 30 желтоқсандағы №309 бұйрығымен бекітілген (atr.kgd.gov.kz сайтына жүктелген).

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT