Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шетелдіктерді тіркеу жойылады

Жақында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып ішкі істер органдарында шетелдіктерді уақытша тіркеуді жою мәселесін пысықтады.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті сенатында қаралуда. Түзетулерде ішкі істер органдарында шетелдіктерді тіркеуді жою көзделген.

Сондай-ақ, олар Қазақстан Республикасында тіркеусіз болуына немесе тіркелу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікте болмайды. Бұл ретте, елімізде 30 тәуліктен астам болатын шетелдіктер уақытша болуға арналған рұқсатты рәсімдеуі қажет. Шетелдіктің елімізге келуі, болуы және оның уақытша тұруына арналған рұқсатты рәсімдеуі туралы ақпарат үшін барлық жауапкершілік оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі. Қабылдаушы адамдарда шетелдіктерді уақытша болуы туралы оларды хабарлау тетігі қазіргі уақытта «Халықтың көші-қон» Заңымен көзделген.

Н.ЕСПАҒАНБЕТОВА,

аудандық полиция бөлімі

көші-қон полиция тобының

аға инспекторы, полиция майоры

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT