Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Былтыр өңірде үш мыңнан аса адам ішек инфекциялары дертімен стационарлық ем қабылдады

Бүгінде №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ішек инфекцияларының анықталған және анықталмаған диагнозымен 50 шақты науқас ем қабылдауда. Сырқатқа шалдыққандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігер-эпидемиолог Руслан Қайыржановтың айтуынша, ішек инфекциясы – ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулардың тобы, түрі де көп.

Аурудың белгісі: адамның температурасы көтеріледі, жүрегі айнып, құсады, іші өтеді. Тұрғындар пұндай жағдайға тап болғанда дереу медициналық көмекке жүгінуі керек.

- Жіті ішек инфекциялары жылдың кез келген мезгілінде болуы мүмкін. Вирусты инфекция көбіне салқын түскенде, тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі артқан кезде көбейсе, бактериялық инфекциямен сырқаттану жазғы мезгілде арта түседі. Бізге науқас келгенде ауру деңгейіне қарай шара қолданамыз, жеңіл түрде болса үйден амбулаториялық ем қабылдауға жібереміз. Тұрғындарды жіті ішек инфекцияларының алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Ол үшін жеке гигиена ережелерін сақтап, тамақ ішердің алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу керек. Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет. Жеміс пен көкөністі жақсылап жуып пайдаланған дұрыс. Тамаққа термиялық өңдеуден өткен өнімдерді қолданған жөн. Тез бұзылатын тағам өнімдерін тек салқын жерде сақтап, жарамдылық мерзімі өткен азық-түлікті пайдаланбаған, ал тамақты тіпті тоңазытқыштың өзінде ұзақ сақтамаған абзал. Шикі өнімдерді өңдеу үшін жеке ас үй жабдықтарын қолданып, шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтауға кеңес беремін. Ал үйді, ауланы таза ұстау – басты қағида,- деді Р.Қайыржанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT