XXI ғасыр – ақпарат пен технологияның алтын ғасыры. Әлем елдері жасанды интеллект, Big Data, бұлтты технологиялар және автоматтандыру сынды бағыттарда дамуға бет алып отыр. Бұл процестен Қазақстан да тыс қалмауы тиіс. Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрландыру мен ЖИ-ді дамытудың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Алайда, еліміздің бұл бағыттағы өзекті мәселелері мен кедергілері бар, оларды түбегейлі цифрлық трасформация арқылы шешеу қажет.
Ауыл мен қала арасындағы интернет пен технологияға қолжетімділік айырмашылығы, цифрлық сауаттылықтың төмен деңгейі алаңдатады. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, цифрлық білім беру, онлайн медицина, электронды сауда – бұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Әсіресе ауыл-аймақтар үшін цифрлық мүмкіндіктер – теңсіздікті жоятын шешім.
Қорыта айтқанда, Қазақстан цифрлық дәуірде тек тұтынушы емес, бәсекеге қабілетті қатысушы болуға ұмтылуы тиіс. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларына енгізу-бұл уақыт талабы. Ол үшін жүйелі саясат, инвестиция, білім мен кадр даярлау қажет деп ойлаймын. Болашақ-бүгіннен басталады.
С.Жұбаева
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімнің бас маманы