Бұл туралы аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өзінің фейсбук парақшасында төмендегідей мәлімдеді.
Үстіміздегі жылы ауданымызда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс салаларында бірқатар жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында төмендегі бағыттарға бюджет қаржысы бөлінген болатын.
Атап айтсақ, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамаларға бөлінген бюджет: ⠀
- Ералы су торабын қайта жаңғырту жұмысына ЖСҚ жасақтауды аяқтау; ⠀
- Сағыз ауылының бірінші және екінші ауылдарының электр желісінің құрылысына ЖСҚ жасақтау; ⠀
- «Миялы ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге ЖСҚ жасақтау» жұмыс жобасын сараптамадан өткізу; ⠀
- Айдын, Бүйрек, Қосқұлақ, Кенбай елді мекендеріне ауылішілік су құбырының құрылысына ЖСҚ аяқтау;
- «Тайсойған-Миялы» топтық су құбырына ЖСҚ жасақтау; ⠀
- Миялы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғыртуға ЖСҚ дайындау;
- Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысына ЖСҚ байламы; ⠀
- Миялы ауылында орталық саябақтың құрылысына ЖСҚ дайындау; ⠀
- 10 ауылдық округке шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдарының құрылысына ЖСҚ дайындауға жұмсалады. ⠀
Сонымен қатар, 2020 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу және жалғастыру көзделіп отырған нысандар: ⠀
- Сағыз, Миялы ауылдық округтерінде шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдарын салу; ⠀
- Сағыз, Мұқыр ауылдарының ауылішілік автокөлік жолдары құрылысын жалғастыру; ⠀
- Миялы, Мұқыр ауылдарында учаскелік полиция қызметкерлерін қызметтік кеңсе ғимаратымен және тұрғын үймен қамтамасыз ету; ⠀
- Миялы, Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау, Тайсойған, Сағыз, Мұқыр ауылдарынан жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған өткелек құрылыс жұмыстарын аяқтау; ⠀
- Мұқыр ауылындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның (электрмен жабдықтау) құрылысын жалғастыру. ⠀
Жоғарыда аталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы, тиімді іске асырылуына әкімдікпен қатаң бақылау жүргізіледі. ⠀
Тағы бір атап өтетін басты мәселе, бұдан басқа бірқатар жобаларға жыл ішіндегі облыстық бюджеттің нақтылауы кезінде қаржы сұратылатын болады.
Сурет: ашық дереккөзден