Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық оқушы ESP Arduino базасында «Ақылды үй» жобасының прототипін жасады

Атырау қаласында JasUp білім беру жобасына қатысушы Арсен Аманжолұлы өз қолымен құрастырған «Ақылды үй» жүйесінің жұмыс прототипін таныстырды. Жоба ESP Arduino платформасы негізінде жасалып, үй ішіндегі қауіпсіздік пен энергия үнемдеуді автоматтандыруға бағытталған.

Арсеннің айтуынша, құрастырылған құрылғы үйдегі бірнеше техникалық процесті қашықтан басқара алады.

«Менің қолымда қазір «Ақылды үйге» арналған құрылғы бар. Ол үйде желдеткіш қоса алады, «Алиса» колонкасы, теледидар сияқты техникалық құралдарды іске қосады және басқара алады. Желдеткіш немесе үй жылыту пештерін төменгі температурада автоматты түрде іске қосады. Егер үйде газ кету жағдайы болып жатса, құрылғы дабыл белгісін қосып, үй иелеріне қауіп туралы ескерту жібере алады», — дейді Арсен.

Құрылғы бірқатар датчиктермен жабдықталған:

температура және ылғалдылық сенсоры,

газдың аталуы мен түтін датчигі,

қашықтан басқару модулі,

дабыл жүйесі,

ақылды розеткаларға қосылатын интерфейс.

Бұл компоненттердің үйлесуі үйді автономды басқаруға мүмкіндік береді: мысалы, бөлме суық болса — жылытқыш автоматты қосылады, ауа сапасы төмендесе — желдеткіш іске қосылады, ал қауіпті жағдай туындаса — жүйе хабарлама жібереді.


Еске сала кетейік, JasUp білім беру жобасы Атырауда Теңізшевройл (ТШО) компаниясының Әлеуметтік Инвестиция Бағдарламасы аясында жүзеге асуда . Бағдарлама аясында оқушылар робототехника, бағдарламалау, ІТ, инженерия, жасанды интеллект сияқты STEAM бағыттарында білім алып, өз жобаларын жасап шығуға мүмкіндік алады. Арсеннің «Ақылды үй» жобасы — осы бастаманың нақты нәтижелерінің бірі.

Жоба жетекшісі Асқар Алданның айтуынша, бұл бастама балалардың инженерлік ойлауын дамытып қана қоймай, оларды жаңа технологиялық шешімдер жасауға ынталандырады. Ал жас өнертапқыштар құрастырған құрылғылар болашақта тұрмыста кеңінен қолданылуы мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT