Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Биыл Атырауда тозығы жеткен 100-ге жуық пәтердің иелері жаңа баспанаға көшіріледі

Сурет ғаламтордан алынды

Тозығы жеткен 98 пәтердің 74-і бюджет, 24-і жеке инвесторлар арқылы жаңа үйге көшіріледі.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Бағытжанұлының айтуынша, реновация бағдарламасы Бейбітшілік, Байжігітова, Қожақаев көшелеріндегі үйлер мен Ақжар ауылында орналасқан 10 бөлмелі жатақхананы қамтып отыр .

"Стаханцева көшесі мен Азаттық даңғылындағы екі апатты үйлер жеке инвесторлар арқылы, барлығы 24 пәтер жаңа пәтерге көшірілетін болады”,-дейді спикер.

Бұдан бөлек авариялық тұрғын үйлерді көшіру мақсатында бюджет тарапынан Береке шағын ауданында 240 пәтерлік тұрғын үй мен Баймұханов көшесінен 30 пәтерлік коммуналдық үй құрылысы салынуда.

Хұсни Хамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT