Бұл мәселені бүгін Атырауда үшінші Құрылтай алдында өтіп жатқан алғашқы секцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі лудомания мәселесін көтеріп, оған заң жүзінде тезірек тосқауыл қою керектігін айтты.
"Мықты азаматтарымыздың басы айналып, казиноның ішінде жүр. Онлайн казино интернетті ашсаңыз жарнамасы айқайлап тұр. Көшеде де қызылды-жасылды жарнамасы көп. Қарызға кірген азаматтардың бірі тіпті жақында өзін өртеп жіберді. Казинолардың жарнамасына заңмен тыйым салынуы керек" деді Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.
Баян Жанұзақова