Жолдау елдің келешек дамуы мен ертеңгі күнгі бетбұрысты айқындап берді. Бұл барлық бағыттардың дамуы мен ел тағдыры үшін маңызды деп ойлаймын. Ел азаматтарының көкейкесті мәселелерін шешуге арналған Жолдау ел дамуында, халық өмірінде көптеген жаңалықтар болатынын көрсетті.
Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Ұлттық қордан балалар шотына ақша аударуға тартқандар әкімшілік заңмен жазаланады. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жаза күшейтіледі. Жобаланған заң қабылданды. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу мәселесі де қозғалды.
Б.Сисенова, Махамбет ауылдық округі бас маманы