Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда атмосфералық ауаның ластануы бойынша жаңа деректер жарияланды

Атырау облысында жыл басынан бері атмосфералық ауаның сапасына жасалған тексеру нәтижелері белгілі болды. Облыстық эология департаментінің мәліметінше, осы кезеңде 239 сынама алынып, 2769 анықтама жүргізілген.

Зерттеу барысында атмосфералық ауаның ластануына қатысты мынадай деректер анықталған:

172 ауа сынамасы алынса, олардың 14-інде зиянды заттардың шекті шоғырлануы асып кеткен. Сонымен қатар 233 жоғары ластану және 5 экстремалды жоғары ластану жағдайы тіркелген.

-Ауаның күкіртсутегімен ластануына әсер етуші негізгі нысандарға «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Квадрат» және «Тухлая балка» булану алаңдары, «Норт Каспиан Оперейтинг компани» компаниясының қалдық алаңы, қала ішіндегі кәріздік сорғы станциялары жатады. Көлік шығарындылары да ауа сапасына әсер етуде. Бұл бағытта 104 автокөлік тексеріліп, 18-інде зиянды заттардың нормативтен асуы анықталған. Қорытындысында көлік иелеріне ескерту жасалды, — дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Эльнара Оралова.

Экологтар «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ға қарасты «Квадрат» булану алаңында күкіртсутегінің шекті деңгейден бірнеше есе асып кеткенін анықтады. Тіркелген деректер бойынша күкіртсутегінің деңгейі 0,589 мг/м3-ге дейін жеткен. Негізінен белгіленген көрсеткіш — 0,008 мг/м3. Бұл факті бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хаттамалар толтырып, мекемеге шара қолдану туралы шешім шығарды. Экология департаменті атмосфералық ауаның ластануын азайту бойынша бақылауды күшейтіп, қосымша шаралар қабылдауда. Жауапты мекемелер мен кәсіпорындарға қатаң талаптар қойылып, заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған хаттамалар жолданған.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT