Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыз сусыз ауыл болмайды

Жылдан жылға атыраулықтарды ауыз сумен жабдықтау жағдайы жақсарып келеді. Оның айғағы күні бүгінге облыс халқын тазартылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жуықтаған. 

Былтырдың өзінде Қызылқоға ауданының Қоңыраулы, Аққора және Махамбет ауданындағы Бала Ораз, Есмахан, Көздіқара, Атамбаев ауылдарына ауыз су құбыры тартылды. Соның нәтижесінде бірнеше жүздеген тұрғын тіршілік нәріне қол жеткізді. Бұл жұмыстардың биыл одан әрі жалғасатыны да жамағат үшін жағымды жаңалықтардың бірі.

Оған қоса, ауылдарда бұрыннан бар су тазарту ғимараттарының жаңғыртылып жатқаны да құптарлық қадам. Аталған нысандар осыған дейін Махамбет пен Исатай аудандарының 16 ауылында жаңғыртылса, ендігі кезекте тағы 14-ін қамту межеленіпті. Олардың да жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын білдік.

Елдің әлеуетінің нығайғанының нысаны болып есептелетін инфрақұрылымдардың дамуы, соның ішінде, су құбырларының халықтың игілігіне берілуі – ауылдың да қаламен бірдей өркениет көшіне ілескенінің көрінісі. Айтуға оңай көрінгенімен, бұл саладағы жобалардың жүзеге асырылуында көптеген қиындық пен кедергілердің кездесетінін өзіміздің өмір тәжірибемізден де байқадық. Әйтсе де, қазіргі жасалып жатқан жұмыстың қарқыны таяу болашақта облыста ауыз сусыз ауыл болмайтынын аңғартқандай.

Зұлбұхар СҮЙНЕШОВ,

Атырау облысының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызметтің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT