Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауылдағы сауын сиыр қала базарынан бір шықты...

Тұрғындар неге малдарын қараусыз жіберіп, бағымға қоспайды? Бұл ретте, кейбір округ әкімдерінің түсіндіруінше, Кеңес үкіметінің кезінде кеңшар немесе ауыл совет басшылығы тұрғындардың жеке малдарын бақтыру үшін арнайы бақташы шығарған.

Мал жоғалған жағдайда бақташының жалақысынан ұстап, төлеттірген. Сондай жағдайды көре қалғандықтан ба, әлде бақташыға қимайды ма, әйтеуір малдарын бағымға қоспай еркін жібереді. Ал, бағусыз жүрген даладағы малға екі аяқтылар болсын, төрт аяқтылар болсын көз сұғын қадаушылар қашанда табылады. Қайта қорада қамаулы малды үптеп кететіндерге айдалады қараусыз жүрген мал оларға тегін дүние емес пе?!

Осыдан екі жыл бұрын күз мезгілінде бір тұрғынның далада жүрген сауын сиыры қаланың базарынан бір шыққаны бар. Қайта аудандық полиция қызметкерлерінің қырағылығы арқасында оңай олжаға тап болғысы келіп, «көрсетпей сұрап алушылар» дер кезінде құрықталды. Қолды болған мал сырғасы арқылы кімдікі екені анықталды.Ал, мал иесі бұдан мүлдем бейхабар. «Бұзауы үйде тұр, кейде бірер қонып келетіндіктен іздей қоймап едік» дейді жайбарақат.

Сондай-ақ, беймезгіл уақыттарда қатқыл табанды тас жолға шығып кеткен қараусыз мал жол-көлік апатының орын алуына да себепші. Өйткені, түнгі мезгілде қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізушілер жолда тұрған малға соқтығысып жатады. Кейде мұның арты қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Мұндай жағдайлар ауданда сирек болса да орын алып отыр. Сондықтан, адам өмірінің қауіпсіздігі үшін, қала берді ақ адал малынан айырылып қалмау үшін кім-кімде малын бағымға қосқаны жөн болар еді.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT