Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Республика күні қарсаңында Утеповтер әулеті марапатталды

Республика күні қарсаңында атыраулық Утеповтер әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

Республика күні қарсаңында елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биылғы байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 үлгілі отбасы марапатталды. Солардың қатарында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылынан шыққан Утеповтер әулеті де бар.

Утеповтер әулеті – бірнеше буын өкілдерімен теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан өнегелі жанұя. Отағасы Зияпеден Сейтұлы мен жары Мағауира Қасымқызы өмірін адал еңбекке арнап, елге сыйлы, ұрпағына үлгі болып отыр. Биыл отбасының отау құрғанына 50 жыл толып, алтын той иегерлері атанды.

2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – отбасылық құндылықтар мен рухани бірлікті нығайтуды мақсат етеді. Биыл байқауға 3434 өтінім түсіп, оның ішінен 20 үздік отбасы жеңімпаз атанды. Әрқайсысына естелік мүсінше, диплом және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT