Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық өрендер «Baizaarды» думанға айналдырды

Республика күніне орай Атырау қаласында Алтын Жұматина атындағы өнер мектебінің «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік концерті өтті.

Іс-шарада мектептің әнші, биші және күйші оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Baizaar» ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада мектеп директоры ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Алтын Жұматина сөз алып, барша жұртты құттықтады.

– Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңырақта бірлік пен береке орнап, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін! Сіздердің құрметтеріңізге арналған концерттен ерекше әсер алып, балаларымыз жоғары көңіл-күй сыйлайды деп сенемін, — деді А.Жұматина.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT