Қызылқоға ауданы аумағында 27-29 шілде аралығында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилкатикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Құрметті ата-аналар! Балаңыздың қайда жүргенін қадағалау – сіздің басты міндетіңіз. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік. Уақытылы бақылау мен дұрыс тәрбие – құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы екенін ұмытпағайсыздар.