Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жас көшбасшылар форумы басталды

Екі күндік форумға еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 100-ден астам оқушы қатысуда. Іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Форумды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өңірлік филиалы өткізуде

Мұнда қатысушылар түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтарына, «Quiz» зияткерлік ойынына, «Лидер-party» жастар дискотекасына қатысады. Одан бөлек «Жетістікке апаратын жол!» атты Talk-шоуда өңірдің танымал тұлғаларымен кездеседі. 

Сонымен қатар оқушылар «Білім. Дағды. Тәжірибе», «Мектеп парламенті үшін медиақұралдар: білім беру процесіндегі рөлі мен ықпалы», «Балалардың әлеуметтенуіндегі мектеп парламенттерінің рөлі» сияқты тақырыптар бойынша пікір алмасады.

Форум соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT