Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігіне қарасты 99245 әскери бөліміне (Аумақтық қорғаныс бригадасы) Қазақстан Республикасы азаматтарын келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдайды.
Қойылатын талаптар:
- 1 жыл әскери мерзімді өтеп келген азаматтар; - денсаулығымен жарамды;
- жасы 32 жасқа дейінгі; - орта және жоғары білімі бар. Әскери қызметшіге мемлекет тарапынан төмендегідей келесі әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған:
- ҚР ҚМ әскери қызметшіге әскери жоғары оқу орнына түскен жағдайда 50% төлемін жасау; - әрбір отбасы мүшесіне тұрғын үй ақысына қаржылай қаражат бөлінуі;
- Қазақстанның кез келген аумағынан тұрғын үй ( пәтер, үй) алу шарты «ОТБАСЫ БАНК» алу мүмкіндігі; - 45-48 жас аралығында зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;
- тегін медициналық сақтандыру; - киім кешекпен қамтамасыз ету. Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7122) 52-38-92.