Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда полицейлер ауласына қарасора еккен күдіктіні ұстады

Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында есірткі өсімдігін заңсыз өсірген бұрын сотталған 63 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің жеке пәтерін тінту кезінде 5 түп қарасора табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT