Қасиетті жұма күні облыстық “Иманғали” орталық мешітінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы, Атырау облысының бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған Атырау имамдарының қатысумен құрбан шалынып, елдің амандығы, халықтың ынтымағы үшін дұға жасалды.
«Бүгінгі құрбандық еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін жасалды. Алла Тағала ел-жұртымызды түрлі қиындықтардан, тілсіз жаудан, табиғи апаттардан сақтасын. Береке мен бірлік нәсіп етсін!” – деп деді наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.