Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «AMANAT QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті

Атырау облысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында дәстүрлі «AMANAT QUIZ» интеллектуалдық додасын екінші жыл қатарынан өткізді.

Биылғы зияткерлік жарысқа барлығы 15 команда қатысып, өз білімдерін, ой-ұшқырлығын және командалық үйлесімділігін көрсетті. Бұл сайыс партия мүшелерінің саяси сауаттылығын арттыруға, ұйымшылдық пен серіктестік байланысын нығайтуға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған. Қатысушыларға партия тарихы, мемлекеттік саясат, әдебиет пен мәдениет тақырыптарында түрлі сұрақтар қойылды. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов қатысушыларды құттықтап, мұндай жобалардың партия жұмысындағы маңызын атап өтті:

«AMANAT QUIZ» – партия мүшелерінің білімін арттырумен қатар, ұйымшылдық пен бірлікті күшейтетін тиімді алаң. Мұндай бастамалар арқылы біз тәжірибе алмасуға, ой-өрісті кеңейтуге мүмкіндік береміз», – деді ол.

Тартысты сайыс нәтижесінде:
🥇 Құрманғазы ауданының командасы – жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокты иеленді.


«АМӨЗ» бастауыш партия ұйымы – екінші орынға ие болды.


«KPI» бастауыш партия ұйымы – үшінші орынды қанжығалады. Үздік деп танылған командаларға арнайы жүлделер мен алғыс хаттар табысталды. 

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мұндай жобалардың партия мүшелерінің білімін арттыруға, жастардың белсенділігін күшейтуге және «AMANAT» партиясы қатарындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT