Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның ақпараттандыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен дайындалған республикалық медиа-жоспарға ұсыныстар жолданды. Ақпараттық-имидждік жобаларды жүзеге асыру жоспары жасақталды. Қазіргі уақытта акция туралы ақпараттық баннерлер қала және барлық аудандарда орналыстырылған (жалпы саны – 14 баннер), оның ішінде: Атырау қаласы – 2, Жылыой ауданы – 2, Махамбет ауданы – 4, Мақат ауданы – 2, Индер ауданы – 2, Қызылқоға ауданы – 1, Исатай ауданы – 1, Құрманғазы ауданданында ілінбеген (ақпарат ұсынылмады). Сонымен қатар, Атырау қаласында 13 мекен-жай (2 бейнеролик – тәулігіне 10 800 рет) бойынша және Индер ауданында орналасқан LED-экрандар арқылы бейнероликтер көрсетілуде. Оған қоса, МАМ-мен дайындалған бейнероликтер мен аудоджинглдер қала және барлық аудандардағы ойын-сауық және сауда орталықтарында, емханалар, аэропорт және теміржол вокзалдарында көрестілімі ұйымдастырылуда (бейнероликтер тәулігіне – 20 рет, аудиоджинглдер – 100 рет).