Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында шалғай ауылдарды сапалы интернет желісімен қамту бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бүгінде аймақтағы 153 елді мекеннің 146-сы интернет желісіне қосылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

14 ауылдық елді мекенге интернет желісін қосу жұмыстары «Jusan Mobile» АҚ-мен бірлесіп, «OneWeb» спутниктік технологиясын пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Ғаламторға қол жеткізген ауылдар қатарында Исатай ауданының Амангелді, Ауқайран, Мыңтөбе, Айбас және Жасқайрат; Құрманғазы ауданындағы Шайхы, Махамбет ауданының Бала Ораз, Кең өріс, Есмахан елді мекендері, сондай-ақ Индер ауданының Қызылжар, Ақтан, Кетебай, Қызылқоға ауданының Бұқар және Жылыой ауданының Қараша ауылдары бар.

    ⁃    Байланыс сапасын арттыру мақсатында биыл 7100 абонентті оптикалық желіге ауыстыру, 31 шақырым талшықты-оптикалық кабель тарту, 156 базалық станцияны жаңғырту және 133 базалық станцияны 5G технологиясымен іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының 2025-2027 жылдарға арналған жоспарына сәйкес облыстың тағы 43 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық интернет желісін жеткізу көзделген,- деді облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов.

Республикалық маңызы бар автожолдарды байланыспен қамту үшін Атырау облысында 5 антенна-діңгек құрылысын (АДҚ) салу жоспарланған. Бұл бағыттағы жобалық-сметалық құжаттамалар Жылыой, Махамбет және Қызылқоға аудандары бойынша әзірленіп, сараптамадан өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT