Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшы тағайындалды

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының лауазымына Әлібек Максимұлы Мұханбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев таныстырып, абыройлы қызмет тіледі.

Әлібек Мұханбеталиев 1984 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлеккеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы бизнес саласында бастап, 2007 жылға дейін қызмет атқарды.

2007-2020 жылдар аралығында бюджеттік мекемелерде басшы лауазымдарда жұмыс істеген.

08.2020 - 02.2021 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары;

03.2021 - 05.2023 жылдар аралығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы;

05.2023 жылдан тағайындалғанға дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметінде болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521