Президенттің соңғы саяси реформалар бағдарламасының бірқатар бағыттары мыналарды қамтыды. Біріншісі, жаңа саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздерінен тұрды, суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты Президенттік республика тәсіліне түбегейлі өту, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іс жүзінде орындау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытуға бағытталған саяси реформалардың лайықты жалғасы.
Реформаны жүзеге асыру барысында Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 Конституциялық заңға және 15-тен аса заңға өзгеріс енгізілді. Екіншісі, саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттарына сәйкес, Президент өкілеттілігі шектелді, Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тартты. Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор басшысы болуына тыйым салынды. Келесі бағыт Парламентті күшейтуге арналды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып өзгерді. Конституциядан өлім жазасы жазалау түрі ретінде алып тасталды. Жалпы, былтырғы 20 қарашада өткен Президент сайлауы, биылғы 14 қаңтардағы Сенат сайлауы және 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы – елімізді саяси және әлеуметтік жаңғырту бағытында соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалардың заңды жалғасы деуге болады.
2019 жылдан бері Президент ұсынып келе жатқан реформалардың қай қайсысы болмасын халық игілігіне бағытталып, түрлі жолдаулар, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыруда оң нәтижесін берері анық.
Венера Нұртілеуова,
Бақсай селолық округінің бас маманы Махамбет ауданы