Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Алға тұрғындары экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосты

Алға ауылдық округінде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы жалғасын тапты. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысты.

Іс-шара барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаштардың түбі әктелді. Сонымен қатар күл-қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Бұл игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және таза да жайлы өмір сүру ортасын құру.

Г.Сәдуақасова,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT