Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Ақжайық» резерватындағы өрт: жұмыс жалғасуда

Өртке қарсы 150-ге жуық адам, 40 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылған.

20 маусымда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт салдарын жою жөніндегі жедел штабтың көшпелі отырысын өткізді.
ЖиындаТөтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев пен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев өртті оқшаулау және оның салдарын жою бағытында жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
Шұғыл деректерге сәйкес, қазіргі уақытта өрт оқшауланған, ашық жалын ошақтары анықталған жоқ. Негізгі күш шымтезек пен қамысты қабаттардың бықсып жануын тоқтатуға бағытталған. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Өрттің қайта тұтануына жол бермес үшін жалын шарпыған аумақтарға су шашылып, топырақ төгілуде.
 Облыс әкімі ошақтар толық жойылғанға дейін жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, табиғи апатқа жұмылған қызметтердің іс-қимылын толыққанды үйлестіруді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT