Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Резерваттағы терең ошақтарды анықтау үшін тепловизорлы дрон қолданылуда

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт ошақтарын оқшаулау және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында тепловизормен жабдықталған арнайы дрон қолданылуда.

Тепловизор инфрақызыл түсірілім арқылы көзге көрінбейтін, температурасы жоғары учаскелерді, соның ішінде бықсып жанып жатқан терең шымтезек қабаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл визуалды бақылау жасалынбайтын, жету қиын учаскелерді бақылауда аса маңызды. Тепловизорлы дронды пайдалану:

• көзге көрінбейтін ошақтарды жедел анықтауға;

• жоғары температурадағы аймақтарды нақты белгілеуге;

• күш пен ресурсты нақты бағыттауға;

• өрттің қайта тұтануының алдын алуға көмектеседі. Бықсып жанған қабаттарды анықтау және оны сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT