Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аймақтағы инновациялық шешімдерді дамытуға тың серпін бермек

Жақында Атырау өлкесіне белгілі Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымдары «Өнеркәсіптік ағынды суларды тазалау» атты ғылыми зерттеу жобасына патент алды. 

Бұндай жоба өнеркәсіптік ағынды суларды тиімді тазартуға арналған жаңа әдіс саналады.

Зерттеудің нәтижесінде өндірістен шыққан ағынды суды қайта пайдалануға жарайтындай етіп тазалау мүмкіндігі ұсынылған.

Бұл өз кезегінде мұнай-газ саласындағы экологиялық мәселелерді шешуге және ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етпек.

Осылайша аталмыш жоба университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, аймақтағы инновациялық шешімдерді дамытуға тың серпін берері сөзсіз.

Болашақта ғылыми зерттеу жұмыстары дамып, жас ғалымдар мен студенттердің жаңа идеяларын қолдауға бағытталған жұмыстар нәтижесі оң болсын дейміз.

Г.Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT