Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МІНДЕТ

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті-халыққа адал қызмет ету. Олар қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

Бұл ретте, олардың еңбегі де оңтайлы болғаны жөн. Осы орайда, мемлекеттік органдарда мінсіз қызмет ететін мемлекеттік қызметші жұмысы уақыты аяқталған соң негізсіз жұмыс орнында қалып, мемлекеттік жұмыспен айналыспай менеджмент саласын да толық меңгеруі тиіс. Бұл қазіргі уақыттың талабы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер үшін екі күндік демалысымен бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Осыған сай, мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа келу, жұмыстан кету уақыты қатаң бақылауға қойылған. Әкімдікке қарасты мемлекеттік органдардың ғимаратына кіріп-шығуды бақылайтын СКУД жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына мониторинг жүргізіледі. Демалыс, мереке күндері мемлекеттік қызметшілер өз келісімдерімен жұмысқа тартылады, сәйкесінше Еңбек кодексіне сай мемлекеттік қызметшілердің өз қалаулары бойынша демалыс күндері беріледі немесе еңбегіне ақы төленеді. Жалпы мекеме басшыларына қызметкерлердің үстеме жұмыс фактілерін болдырмауға және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

Асылбек ЖАНҚУАТ,

аудан әкімі аппаратының басшысы, 

Әдеп жөніндегі уәкіл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT