Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

9 мамырға орай ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден берілмек

"Тоғызыншы мамырға орай берілетін бір реттік төлемақы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ Бүгінде Атырау облысында Ұлы Отан соғысының 8 ардагері бар. Оның ішінде жетеуі Атырау қаласынан болса, біреуі Жылыой ауданынан. Сондай-ақ, конлагердің бұрынғы бір тұтқыны бар. Олар 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем алады.​ Бір реттік төлем сонымен бірге, тыл еңбеккерлеріне беріледі. Наградасы бар тыл еңбеккерлеріне (62 адам) 100 мың теңгеден, мемлекеттік наградасы жоқ тыл еңбеккерлеріне (2212 адам) 30 мың теңгеден бір реттік төлем беріледі.

​ Атырау облысы бойынша бір реттік төлемді 2283 адам алады. Бір реттік төлемнің жалпы сомасы 51 млн 297 мың теңгені құрап отыр.​

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT