Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік қызметтің жай-күйі

фото osken-onir.kz

Қызылқоға ауданы әкімдігінің құрылымы 8 бөлім, 10 ауылдық округтен тұрады. Аудан әкімдігі бойынша штат саны 106 бірлік. Оның ішінде саяси- 1 бірлік, "Б" корпусы -105 бірлік. Қызылқоға ауданы әкімдігі бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 103 бірлікті құрайды. Оның ішінде ер адамдар 47, яғни 46 пайызды, әйел адамдар 56, яғни 54 пайызды құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 44 жас, оның ішінде саяси 42 жас, "Б" корпусы 44 жас. Орташа еңбек өтілі - 10 жыл, саяси-6 жыл, "Б" корпусы бойынша 10 жыл.
Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілердің саны - 98, яғни 95 пайыз. Өткен жылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға 2 бос орынға ішкі, 6 бос орынға жалпы конкурс жарияланып, қорытындысымен 8 мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасты. Сонымен қатар ауысу тәртібімен 1 бөлім басшысы, 1 бас маман "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 15-бабы, 6-тармағына сәйкес конкурс өткізілместен 1 қызметкер жұмысқа орналасты. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 4 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі белгіленді. Сынақ мерзімін 6 айға ұзартқан мемлекеттік қызметші болған жоқ өз арызымен 5 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды, яғни 4,8 пайыз, оның ішінде, өтініші негізінде 4, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты-2.

Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан «Мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына тағайындалған және мемлекеттік қызметке алғаш алғаш қабылданған қызметшілерді қайта даярлау" курсына 5, біліктілігін арттыру семинарына 27 мемлекеттік қызметші қатынастырылып, өз білімдерін жетілдірді.
Өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін 25 мемлекеттік қызметкеріне тәртіптік жаза
қолданылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған жоқ. Кәсіби біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, ақпаратты беру тәсілдерін үйрену мақсатында 19 мемлекеттік қызметші облыстық басқармалардан тағылымдаман сәтті өтті.

Ринат СҮЙІНОВ,
аудан әкімі аппаратының кадр

жұмысы және персоналды басқару бөлімнің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT