Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

16-желтоқсаннан бастап «Атырау – Құрманғазы - Атырау» бағытында жолаушылар автобусы қатынайды

Атырау облыстық әкімдігінің тапсырмасына сәйкес Құрманғазы ауданы мен облыс орталығының арасында күн сайын 53 орындық 3 автобус жүреді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Билет құны – 2000 теңге. Балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

«Атырау қаласының автобекетінен автобус 07:00, 12:00, 19:00-де, ал Құрманғазы ауданы Қазақтелеком мекемесінің алдынан 06:00, 11:00, 17:00 –де қозғалады. Жолаушылар тасымалына Akzhayik Avtopark ЖШС жауапты,- деді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейсов.

Айта кетейік, қоғамдық көліктер Атырау қаласынан 16-желтоқсаннан, ал Құрманғазы ауданынан 17-желтоқсаннан бастап жолаушыларды тасымалдайды. Жолаушылар билетті автобекеттің кассасынан және Atyraubus.kz сайтынан сатып ала алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT