Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАСА МӘН БЕРЕЙІК!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жылдағы дәстүр бойынша зор ықыласпен тыңдадым.

Бірнеше саланы қамтыған Жолдауда жол апатының алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар мен жол қауіпсіздігін сақтау төңірегінде біраз мәселе баса айтылды. Өте орынды. Атпалдай азаматтардың жол бойында қыршынннан қиылуы көңілге кірбің ұялатады. Мұны дереу қолға алмасақ болмайды. Бұл ретте, Мемлекет басшысының: «Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет. Жүргізушілерді даярлау деңгейінің төмендеп кеткені жасырын емес. Жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі батыл қадам жасауы керек. Депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс." деген сөзі көпшіліктің айтар ойын дөп басты деп ойлаймын. Демек, осы мақсатта жүйелі түрде жұмыс жасалып, қазірден бастап қолға алыну керек.

Мереке Айжарықов,

Ойыл ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT