Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАШКЕНТ ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Жақында Миялы балалар өнер мектебінің жанынан құрылған Жасқайрат филиалының оқушылары Алматы төрінен жүлделі оралды.

«Жеті Өнер» халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсында хореография номинациясы бойынша «Айзере» би тобының орта топ бишілері «Қазақ биімен» және композициялық «Аңдар» билерін биледі. Нәтижесінде, жасқайраттық бишілер «Қазақ биімен» бас жүлдеге ие болып, тамыз айында Ташкент қаласында өтетін байқауға жолдама алды. Ал, композициялық «Аңдар» биімен екінші орынды иемденді.
Сондай-ақ, «бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Миялы балалар өнер мектебінің оқушысы Инаят Серікбай бас жүлдеге иеленіп, Ташкент қаласында өтетін байқауда өнер көрсететін болды. Өнерлі балғындардың  жетістікке жетуіне жетекшілері Ақсауле Отаралиева мен Айзада Досқалиеваның  еңбегі зор. 

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521