Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ләззаттың жұлдыздары

«Арман» мәдениет үйінде Миялы өнер мектебінің жоғары санатты зерттеуші ұстазы  Ләззат Тастаеваның жетекшілік етуімен «Жарқыра, жұлдыз»  атты вокал сыныбының жанды дауыста концерті өтті.

Сахна шымылдығы «До-ми соль-до» ансамблінің Қалыбек Құлмағанбетовтың «Топырағыңнан айналдым, Қызылқоғам!» әнімен ашылды. Концертте халықаралық, республикалық байқаулардан орын алып жүрген 5-17 жас аралығында 25 оқушы өнер көрсетті. 

Оқушылар «Бір бала», «Ұстаздарға қошемет», «Маленькая страна», «Тәуелсіз қазақтың қызымын», «Мама», «Районы-кварталы», «Гүлдерайым», «Чунга-чанга», «Flowers», «Қолшатыр», «16 қыз», «Менің әжем осындай», «Dance monkey», «Қамажай», «Аист на крыше» әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Ал, кешті «Аманат» хоры «Қазақстан – Егемен елім» әнімен  аяқтады. 

- Концерт әдеттегідей жанды дауыста, жоғары кәсіби деңгейде өтті. Баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру арқылы өнерге баулып жүрген ұстаздары Ләззаттың  еңбегі орасан зор. Оқушыларды өнерге баулып, қызығушылығын одан әрі шыңдап, сахна мәдениетін үйреткен ұстазына аналық алғысымыз шексіз, - дейді немересіне қолдау білдіріп келген ақжаулықты әже жангелдиндік Сәлима Махмудова.  

Ендеше, осындай үздіктерді өнер сахнасына баулып жатқан Ләззат Тастаеваға жұлдыздарың жарқырай берсін демекпіз! 

 Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521