Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕГІЗ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай  аудандық орталық кітапханада «Егіздер – ерекше жандар» атты егіз жандармен кездесу өтті.

Шараға Самат-Самал, Жансұлу-Айсұлу, Мадина-Сабина, Рахым-Расул, Дана-Зере есімді егіздер қатысты. Егіздермен танысудан басталған әңгіме әрі қарай егіздердің ерекшелігі, оларға өзге адамдардың қызығушылығы, қызықты оқиғалары, бір-бірінен айырмашылықтары, мінездеріндегі ерекшеліктері туралы өрбіді. Сонымен қатар, ғылыми тұрғыда дәлелденген сыңарлардың бір-бірін сезу қабілеттері туралы да сөз болды. Самал мен Самат бірі ата-әжені бірі әке-ананың қолында өскендіктен бір-бірімізді аса қатты сезбейміз десе, «Мадина мен Сабина бір-бірін өте жақсы сезеді, бірі ауырса екінші күні сыңарыда ауырып қалады. Бір-бірінен жырақ кетсе іздейді. Сондықтан екеуін үнемі бірге жібереміз» дейді егіздердің анасы. Кеш барысында егіз бүлдіршіндер Расул мен Рахым, Дана мен Зере өз өнерлерін көрсетті.
 Ерекше жандардың ерекшеліктері мен артықшылықтары сөз болған шара соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз