Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Байрақты бәсекеден бас жүлде

«Театр – өнердің ұлы көші» демекші «Арман» мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театры ұжымы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Бүгінде 29 әртүрлі бағыттағы қойылымды сахнада сомдап, көрерменнің қошеметіне бөленген аталмыш театр ұжымы таяуда драматург Берік Қорқытовтың шығармашылығына арналған дәстүрлі «Шынайы шымылдық» халықтық театрлар мен драма ұжымдарының облыстық фестиваліне қатысып қайтты.

Онда облыстағы 16 халықтық театр мен 4 драма ұжымы бақ сынады. Бұл ретте, әлгінде айтқан «Арман» мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театр ұжымы Берік Қорқытовтың аудармасы «Шойын қатын» комедиясын (Шараф Башбеков)  сахнаға шығарып, бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, «Жангелдин», «Самал», «Шұғыла» мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» театрлары алғыс хатпен марапатталды. Ал, бұл ақ жолтай хабарды бізге жеткізген аталған комедияның қоюшы режиссері Жанар Айдарбаева:

- Фестивальдің мақсаты – Берік Қорқытов шығармаларын насихаттау арқылы Халықтық театр ұжымдары өз атақтарын қорғайды. Әрине комедия өзбек жазушысының шығармасы болғандықтан сол ұлттың өзіндік менталитеті, әйелдерінің тұрмыстық өмірі баяндалады. Театр ұжымында өнер көрсетіп жүрген әртістердің барлығы білікті мамандар. Алайда ерекше айта кету керек комедияда басты рөл «Ғаламат» болып өз өнерін көрсеткен хореограф Лизия Оқас көпшіліктің қошеметіне ие болды. Қуанышымызда шек жоқ. Бас жүлдеге ие болуымыздың өзі осындай  білікті актерлар мен актрисалардың арқасы, - дейді жүзі балбұл жанып. 

Әрине қоюшы режиссердің қуанышқа толы сезіммен сөйлеуінің өз жөні бар. Себебі, күндіз-түні мың толғанып, сан ойланып, маңдай терін сорғалата дайындаған қойылымың бас жүлдеге ие болып жатса қалайша қуанбайсың?! Осы орайда, комедияның шынайылығын жеткізіп, рөлдерді сомдаған әртістер Кенжебек Бисенбаев («Қошқар» рөлінде), хореограф Лизия Оқас («Ғаламат» рөлінде), Аманқос Нұржан («Әлімжан» рөлінде), Жанар Айдарбаева («Кумри» ролінде), Назира Шоқан («Салтанат» рөлінде), Ақжол Жандосов («Суан» рөлінде), музыкамен көркемдеуші – әнші Бисұлтан Мұхтаровтардың аудан абыройын асқақтатуға сіңірген еңбегі зор. 
Ендеше, өнер мен өмірді байланыстырып көрерменнің жүрегіне жол таба білген театр ұжымы әлі де тың туындыларымен қуанта береді деген сенім мол.  

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз