Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КІТАПХАНАДА ТҮРЛІ-ТҮСТІ КЕШ ӨТТІ

Аудандық орталық кітапханада «Көктем күніндей құлпырған, әр түсте алуан сыр тұнған» атты тақырыппен түрлі-түсті кеш өтті. 

Кітапхана қызметкерлері де түстер мағынасын ашып, сол түске байланысты таңдалған кітапқа қысқаша шолу жасап, таңдалған түске мәнерлеп өлең оқу, түске байланысты ән орындау, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер  айтудан өз өнерлерін көрсетті. Кенжегүл Сатаева, Гүлнар Үмбетбаева – ақ түс, Айгерім Татишева, Райхан Шауткенова – қызыл түс, Ризагүл Оңайбайқызы, Гүлдана Лукбанова – жасыл түс, Гүлзия Спанова, Айкөркем Тайлыбекова – көк түс, Майра Утежанова, Нұргүл Жиеналина – қара түстермен шығып, әр түстің мағынасын ашып берді.

Сонымен қатар,  таңдалған түске байланысты кітапқа қысқаша шолу жасалып, қазақ ақынынының  таңдалған  түске  қатысы бар өлеңін мәнерлеп  оқып, түске байланысты ән орындап, таңдалған түске байланысты мақал-мәтелдерді айтып, қатысушыларымыз әр түстің түріне қарай дайындап әкелген тағам түрлерін таныстырды.  
 Көңілді кешті сарапшылар саралап, кітапхана директорының орынбасары Гүлжан Смағұлқызы қортындылап, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. 

Кәмшат ӘБІШ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз