Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛАБАҚШАНЫҢ 51-ШІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ КОНЦЕРТІ

Бақытты балалық шақтың куәсі болатын тәрбиешілердің бала тәрбиесіндегі еңбегі орасан. Осы тұста, «Жасұлан» бөбекжай балалар  бақшасы бүлдіршіндерінің «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламасын тамашалап,  ерекше әсер  алдық.

Ең алдымен, концерт  «Текемет» биімен  ашылса,  «Кім болам?» жоба-бөлімінде «Мен 2030 жылы кім болам?» деген баланың сәбилік жүректеріне қиял ғажайып сезім ояту мақсатында қазіргі бір маман иесі болып, өз жобаларын қорғады.  Ал, Махмуд Нариман «Жұлдыз болғым келеді»,  "Анашым", Айару Талғатқызы «Аспазшымын», Бекайым Мадиқызы,  «Бүлдіршіндер» тобы «Әжемнің шәйі», «Тәттілер», «Айгөлек», «Көктем-ай», «Көңілді аспаптар», Айару Қуанғали «Желсіз түнде жарық-ай», «Ұлдар» тобы «Ақ мамам» әндерін тамылжыта шырқады. 
Концерт барысында, бүлдіршіндер ән мен қоса, көркемсөзді де тебірене оқыды. Атап айтсақ, М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңін Бегайым Мәдиқызы, Е.Өтетілуов «Балабақша-мекенім» өлеңін Ақмаңдайлым Асқар жатқа оқыды. Одан соң, мың бұрала билеген бүлдіршіндер де таңдай қақтырды. Айталық, «Орыс» биін Әлимұхаммед Жолдас -Асыл Айдосқызы, Жетпісбай Әзиза – Қанат Мансур, Әли Өмірзақ - Ақмаңдайлым Асқар, «Қазақ» және «Цыган» биін «Бүлдіршіндер» тобы орындаса,  «Ертегілер әлемімен» Айзере Нұрланқызы  биші-аниматорлар ерекше өнер көрсетті. Жүздеріне қуаныш сыйлап, балабақшамен қоштасқалы жатқан бүлдіршіндер «Біз бақытты баламыз» әнімен әдемі кешті аяқтады. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз