Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨРІКТІ КӨРНЕКІЛІК – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

    Аудандық орталық кітапханада мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Көрікті көрнекілік, жағымды жарнама» тақырыбында онамастика мәселесіне қатысты семинар-кеңес өтті. Оған ауылдық округтің бас мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

    Алдымен, «Аудандағы ономастика, көрнекі ақпарат және жарнама саласының ахуалы» тақырыбында баяндама аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің міндетін атқарушы Гауһар Құрманғазиеваның түсіндіруінше, Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызды қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнама. Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің сауатсыздығы ономастика саласының ғана емес, бүгінгі қазақ қоғамындағы жиі сынға ұшырайтын, аса өзекті мәселелердің бірі. Аз сөзбен көп мағына беретін, мәнді де мағыналы, тиянақты ойды білдіретін, жұрт санасына тез сіңетін қазақ тілді жарнамалар керектігі қажет.

Жыл ішінде ауданға қарасты ауылдық округтердегі «Тіл туралы» заңның 19, 21 баптарының  орындалысына қаңтар-қараша айы аралығында 11 рет қоғамдық акция ұйымдастырылып, 76 мемлекеттік мекеме мен жеке кәсіпкерлік нысандарындағы 259  көрнекі ақпарат, жарнама құралдарының заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді. Зерделеу қорытындысымен талапқа сәйкес келмейтін  көрнекі ақпараттарды (күн көзінің тікелей түсуінен жарамсыз күйге түскен көрнекіліктер, мерзімі асқан көрнекіліктер, сауда нысандарының маңдайша атаулары тағы да басқа) түзетуге ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілді. Негізінен мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарының маңдайша жазулары, мекемеішілік көрнекі ақпараттар мен  жарнамалар, көшелерге ілінген баннерлер қажеттілігіне қарай және берілген ұсынысқа сай  ауыстырылып, жаңартылады. Түзетілген көрнекі ақпарат бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасына «ДЕЙІН...КЕЙІН....» тақырыбымен жарияланып отырады.

Қазіргі уақытта 193 көрнекі ақпарат әр ауылдың көшелеріне ілінген. Олар табиғатты қорғау, салауатты өмір салтын ұстану, дін, тіл, жастар тәрбиесі, президент жолдауы, кәсіпкерлік, тазалық, саяси тақырыптар мен қоса коммерциялық бағыттағы т.б тақырыптарды құрайды.

Ономастикалық жұмыстарға тоқталсақ, аудандағы 10 ауылдық округте  187 құрамдас бөліктер  бар. 2021-2022 жылдары облыстық ономастика комиссиясының қарауына ауданнан 3 ұсыныс жолданып, оң қорытындысына ие болып, 21 көшеге тарихи тұлғалардың есімдері берілді. Тілге құрмет әрбір дұрыс жазылған сөзден көрінеді. Ендеше, қатесіз сауатты жазуға, әдемі атаулар қоюға, ауылдың көрнекі бейнесін қалыптастырумен қатар, ауыл көрнекілігін жақсартуға, ұлттық құндылықтарды сақтап, ана тілінде сөйлеуді өзімізден бастайық, - дейді әлгінде айтқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Гауһар Құрманғазиева.

     Жиын соңында қатысушылар ономастика жайындағы басқа да мәселелер жайлы сөз қозғап, пікірлерін ортаға сала отырып, көкейлерінде жүрген ойлармен бөлісті.

 Кәмшат ӘБІШ.

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT