Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Биыл мүгедектігі бар 820 адам жұмыспен қамтылды

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Оның ішіндегі 271 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, кәсіп бастауға ниеттілерге қайтарымсыз 34 грант берілген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мүгедектігі бар 293 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 7 адам әлеуметтік жұмыс орнына және 17 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 5 жас, «Ұрпақтар келісім-шарты» 2 жас, «Күміс жас» жобасына 33 адам және 11 адам өз бетімен жұмысқа орналасты. Бастау-Бизнес жобасымен 132 адам оқытылды. Сонымен қатар, биыл жұмыспен қамту басқармасы «AMANAT» партиясымен бірігіп «AMANAT SERVICE» орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіздік, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT