Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ»

Аудандық орталық кітапханада осынлай тақырыпта Отбасы күніне орай, отбасының қоғамдағы маңызды рөлін, ондағы береке-бірлікті сақтау, өнегелі, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуді насихаттау мақсатында кездесу кеші болып өтті.  

Оған  аудандық газ учаскесінің басшысы Бауыржан Кереев, аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Асхат Құлбаев,  республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Қарабалиндер отбасы шақырылды. Сондай-ақ, кездесу кешіне аудан орталығындағы әр түрлі сала қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

Шара барысында, бала тәрбиесі және өз қызметтеріне байланысты түрлі сауалдармен әсерлі әңгіме өрбіді. Мерекелік кеш одан әрі, «Арман» мәдениет үйінің әншілері Заманбек Абзалұлы, Мейрамгүл Болатқызы, Бисұлтан Қанатұлы әсем ән шырқаса, «Айжан-ай» би тобының бүлдіршіндері мың бұрала биледі. Сонымен қатар, кеш қонақтары да қәдесый ретінде өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында, қатысушыларға ризашылығын білдіріп қорытындылаған аудандық орталық кітапхана директорының орынбасары Гүлжан Айсағалиева, аудандық орталық кітапхана атынан құттықтау мен сый-сияпат табыс етті.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521