Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Астанада өнер көрсеткен атыраулық өнерпаздар концерті 500-ге жуық көрерменді жинады

 V Дүниежүзілік көшенділер ойындары аясында Астана қаласында құрылған этноауылда атыраулық өнерпаздар мерекелік концерт қойды.

Астаналықтар, қала қонақтары мен шет мемлекеттерден келген туристердің басын қосқан мерекелік концертте "Дина Нұрпейісова" атындағы академиялық ұлттық - аспаптар оркестрі, "Інжу - маржан" би тобы, "Құрмет ордені" иегері Қайрат Какимов, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, күйші Жәнібек Жәмиев, қылқобызшы Ақнәр Тәттібайқызы және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.

Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлының шығармалары әуелеген Астана төсіндегі Атырау концерті 500-ге жуық көрерменді жинады.

Еске сала кетсек, этноауылда Атырау облысы үш киіз үй құрды. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 200-ден астам құнды экспонаттар әкелді. Махамбет атындағы академиялық облыстық қазақ драма театры, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы өнерпаздары өнер көрсетуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521