Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «Халықтық» театрлар мен драма ұжымдарының «Шынайы шымылдық» облыстық фестивалі басталды

Фестивальге  қала, аудандардан «Халықтық» атағы бар 16 театр мен 4 драма ұжымы қатысуда. Ереженің шарты бойынша «Халықтық» театрлар Б.Қорқытовтың шығармаларынан және еркін тақырыпта 45 минуттық қойылым көрсетсе, драма ұжымдары 25 минуттық қойылым қояды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараны ашқан облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов қатысушыларға сәттілік тіледі. 

-Берік Қорқытовтың шығармашылығына арналған облыстық іс-шараның мақсаты – жергілікті жазушы, драматург, өлке тарихын зерттеуші Берік Қорқытовтың шығармаларын көпшілікке таныстыру. Сондай-ақ «Халықтық» театр ұжымдарының жұмысын қолдау, тәжірибе алмасу, дарынды актерлардың сахналау ерекшеліктерін шыңдау, театр, драма ұжымдарының жұмысын жаңаша жолға қою. Ал талапқа сай театрлар үш жыл сайын өтетін қайта рәсімдеуден «Халықтық»  атағын қайта қорғайтын болса, ол осы фестиваль арқылы көрініс табады,- деді Ж.Аманиязов.  

Айта кетейік, фестиваль 18 мамырға дейін болады. Өтетін жері А.Байжігітова 86а мекенжайында орналасқан облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы. Келем деушілерге кіру тегін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз