Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда ерекше балалар би өнері арқылы дамып келеді

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жарқыра» жобасы аясында 2019 жылдан бері ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған фитнес және би студиясы жұмыс істеп келеді. Осыған дейін мұнда 100-ден астам бала бимен айналысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Хореограф Айгүл Уәлиева жоба шеңберінде Санкт-Петербург қаласындағы колледжде балалар фитнесі бойынша инструктор-тренер мамандығын оқып, білімін жетілдіргенін айтады. Сөзінше, осы салада жұмыс істейтін жандармен бірлесіп, студияны үлкейткісі келеді.

— Алғашында денсаулығында ақауы жоқ және ерекше балаларды бір топта бірге дайындадым. Бұл тәжірибе олардың өзара бейімделуіне көп әсер етті. Қазір әр баламен жеке жұмыс істеймін. Би балалардың ашылуына, қоғаммен араласуына, қозғалыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді, — деді хореограф. 

«Жарқыра» жобасы ерекше балалардың өмірге бейімделуіне, қоғаммен араласуына және денсаулығын нығайтуына мүмкіндік беріп келеді.  Биге қатысатындардың ең кішісі 4 жаста болса, үлкені 21-де. Бүгінде аутизм, ДЦП, Даун синдромы диагнозы бар 8–10 баламен жұмыс жасалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT