Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАНДЫ ЖАДЫРТҚАН ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ

 Сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде  аудан әкімі кубогыі сарапқа салынған аймақтық жайдарман ойындары болып  өтті. Оған Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, Атырау қаласы, Жылыой, Исатай, Мақат аудандарынан және жергілікті жерден барлығы 7 команда қатысты. Сайысты «Сағыз» құрамасының ойыншысы Жасұлан Сапаров жүргізсе,  Ерқанат Рзашов, Айдана Ижапқұлова, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ризабек Амантай, жеке кәсіпкер Алмас Самат, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жүніс Бекеттер төрелік етті.

Ойын тартысты басталып, командалар көрерменге жеңіл әзіл арқылы ой тастай білді. Сондай-ақ, ауыл тірлігін қазақы қалжыңмен жеткізіп, дайындықтарының жоғары дәрежеде екендіктерін көрсетті.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде аудан әкімінің кубогі мен 400 мың теңге сыйақыны Мақат ауданынан келген «Доссор» командасы жеңіп алса, екінші орын мен 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа жергілікті «Қарабау» командасы ие болды. Сондай-ақ, Байғанин командасы жүлделі үшінші орын мен 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, қалған командалар алғыс хаттармен мадақталды.

Сайыс соңында сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов жеңімпаз- жүлдегерлерді марапаттап, барлық командаға өз алғысын білдірді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT