Атырау және Құлсары қалаларында «Қазақия» қоғамдық қоры «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырған «Асыл мұра» әлеуметтік жобасы аясындағы дәстүрлі қазақ қолөнеріне үйрету курстары аяқталды.
2025 жылдың мамыр айынан бастап 150-ден астам адам, оның ішінде балалар да бар, халықтық өнердің сегіз бағыты бойынша тегін оқудан өтті. Атап айтқанда:
* киіз үй бөлшектерін жасау (уық, кереге, шаңырақ, сықырлауық);
* киіз басу;
* сырмақ тігу — қазақтың дәстүрлі кілемі;
* ағаш ою, жиһаз бен ыдыс жасау;
* құрақ көрпе, жастық тігу;
* алаша тоқу — ұлттық кілем-дорожкалар;
* ілмектеп тоқу арқылы декоративті панно (тұс киіз) жасау.
Барлық сабақтар толығымен тегін өтті — қатысушыларға қажетті материалдар мен кофе-брейк ұсынылды. Курсты сәтті аяқтағандарға кәсіби дағдыларды растайтын арнайы сертификаттар табысталды. Бұл құжаттар қатысушыларға өз ісін бастап, шығармашылық шеберхана ашуға мүмкіндік береді.
«Біз үшін халықтық қолөнерді қайта жандандыру — бұл тек мәдени мұраны сақтау ғана емес, сонымен қатар Атырау мен Құлсары тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өзін-өзі іске асыруының нақты жолы», — деді жоба жетекшісі Жанар Төрениязқызы.
«Асыл мұра» жобасы — бұл жай ғана қолөнер үйрету емес. Бұл — ұлттық болмысты бекемдеуге, өңірлік қауымдастықтарды мәдениет пен шығармашылық арқылы дамытуға бағытталған маңызды бастама.